Тимур Құлыбаев Бас прокуратураға жүгінді

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымындағы жарияланымға байланысты Бас прокуратураға жүгінді, деп хабарлайды Inbusiness.kz басылымы.

Тимур Құлыбаев.png

Басылым мәліметінше, Тимур Құлыбаев Financial Times жариялаған мәлімет бойынша ресми тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінген.

- 3 желтоқсанда Financial Times газетінде жарияланған мақалаға қатысты мынаны хабарлаймыз. Тимур Құлыбаев нақты фактіілер арқылы расталмаған, ресми түсініктемелерге қайшы келетін өзара байланысты емес біржақты тұжырымдар жиынтығы болатын дезинформациялық сипаттағы материалдар қамтылған жарияланыммен келіспейтінін білдіреді. Тимур Құлыбаевтың осы мақалада айтылған мәмілелерге ешқашан тікелей немесе жанама түрде қатысы болған емес. Осы айтылғандарды ескере отырып, Тимур Құлыбаев ресми жан-жақты тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінді, - делінген жарияланымда.

Тимур Құлыбаев - қазақстандық белгілі бизнесмен, қоғам қайраткері, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер