Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретінде миссиясы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде айтып берді. 

image.png

- Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, оны отыз жыл басқарған адам ретінде айтарым: мен үшін еліміздің еңселі ертеңінен артық арман да, құндылықта да жоқ. Осынау күрделі кезеңде еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау, барша халқымызды президенттің төңірегіне топтастыру –  бәріміздің парызымыз, менің парызым. Менің Елбасы ретіндегі миссиям. Nur Otan партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және де Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде мен осы жолда барымды саламын, - деді ол. 

Елбасы "Нұр Отан" партиясы бүгінде өз уәдесінде тұра алатын, елдегі мықты көшбасшыларды топтастырған саяси ұйым екенін жеткізді.  

- Басқа партиялар да бар, әлі де болар. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ, қоғам солай, уақыт солай. Алайда, сол партиялардың бәрі нақты ұсыныс жасап, елге жақсылық жасаса екен дейміз. Тек қана сынап, көшеге шығып, айғайлап, одан не шығады? Қанша айғайласа да, көшеге шықса да, түбінде, жаңағы көпбалалы аналар, жағдайы жоқ кісілер кімге келеді? Үкіметке келеді. Бәрін шешетін мемлекет, үкімет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер