Өзгені құтқарып, өз жанын пида еткен

Screenshot_3.jpg

Шымкентте Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу шарасы өтті.  «Өзгені құтқарып, өз жанын пида еткен" атты акция аясында пандемия кезінде жан тәсілім еткен ақ халаттылардың туған-туыстарына төсбелгілер табысталды. Елімізде  қауіпті індет өршіген тұста Түркістан облысы мен Шымкент қаласында бірқатар  аурухана қызметкерлері қайтыс болған еді. Олардың қатарында дәрігерлер мен медбикелер, тазалық қызметкерлері мен жүргізушілер бар.  «Оңтүстік» медицина қызметкерлері Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында мақұмдардың ерен ерлігі сөз болып, бір сәт үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті. Әруақтарға арналып құран бағышталып, ескеркіш тақтайшаға гүл шоқтары қойылды. 

Screenshot_1.jpg

Жиынға қатысқан туған-туыстарына «Өмір үшін» және «Алтын дәрігер», «Мейірім»  төсбелгілері тапсырылды. Мұндай бастамаға көпшілік ризашылығын білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Акцияны ұйымдастыруға «DENSAULYG» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы мен өзге де кәсіподақ ұйымдары атсалысты. Айта кетейік, бұған дейін пандемия кезінде Түркістан облысы бойынша қаза тапқан медицина қызметкерлерінің отбасына кәсіподақ ұйымы атынан көмек ретінде 100 мың теңгеден берілген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер