Тұмауға қарсы екпе салынуда

Түркістан облысында күннің салқындауына байланысты жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруының алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық егу ем-шаралары басталды. Бұл туралы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов пен Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

190930232542411a3570793i-799x475-1.jpg

Елемесовтің айтуынша, әдетте тұмаудың эпидемиялық маусымы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Қазан-қараша айларында риновирус, аденовирус, парагрипп сияқты жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеледі. Сондықтан екпе жұмыстары алдын алу 15 қыркүйектен басталды. Осы мақсатта бүгінде өңірде тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 мың 637 дозасы сатып алынған. Бұл облыс тұрғындарының 12,14 пайызын вакцинациялауға жетеді. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекеленген санаттарына (медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, жабық мекемелер және т.б.) тегін жүргізіледі.

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 8 айында жедел респираторлы вирусты инфекциялары расталған 4820 жағдай тіркелді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда аурушаңдық 11,3 пайызға төмендегенін көрсетеді. Ауырғандардың 50,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілікке мәлім, әлемді жайлаған коронавирусты індеттің пандемиясы біздің республиканы да айналып өткен жоқ. Мамыр-шілде айларында республика бойынша, оның ішінде біздің облыста да коронавирустық инфекциядан эпидемиологиялық ахуалдың асқынулары орын алды. Болжамдар бойынша күз-қыс айларында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны туындап, ЖРВИ мен тұмаудың мезгілдік кезеңімен сәйкес келіп, қабаттасуы эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы ықтимал. Сондықтан республика бойынша тұмаудың профилактикалық және мониторингтеу іс-шаралары алдын-ала пысықталып, қыркүйектен бастап жүргізілетін болып шешілді, – деді Бақтыораз Мизамұлы. 

Ал, Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары екпенің маңыздылығына тоқталды. 

Тұмаудың салдары вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы – эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы егу. Сонымен қатар облысымызда жұмыс берушілер есебінен мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын егу шаралары қарастырылуда. Одан бөлек азаматтардың өз қаражаттарына тұмауға қарсы профилактикалық егуді Түркістан қалалық емханасы қолға алып отыр, – деді Нұрхан Мәдәліқызы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
  • Өзгені құтқарып, өз жанын пида еткен
  • Путин Таулы Қарабақта қанша адам қайтыс болғанын айтты
  • Тоқаев жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
  • Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер