Мейрамбек Беспбев: «Өнерге ақша табамыз деп келген жоқпыз»

Screenshot_4.jpg

Әнші Мейрамбек Бесбаев сахнаға емес, ақшаға қызыққан әншілерді сынға алды. Кезінде «МузАрт» тобына Мақсат Базарбаевтың орнына әнші іздеген кездерін есіне алып, ақшаға қызыққандар туралы айтып берді. 

Баяғыда біздер, «МузАртта» Мақсат Базарбаев кететін кезде әнші іздедік. Алматыда қанша кафе, қанша ресторан бар, солардың бәрінен музыканттарды іздедік. Анаған барамыз, мынаған барамыз, музыканттармен сөйлесеміз, дауыстары ұнағандары болады дегендей. Сөйтсек, көбіне жастар келмей жатып, бірден талап қояды. Біз әлі алған да жоқпыз. «МузАртты» білесің, қалай қарайсың десек, «айлығым қанша» деп бірден ақшаны қозғайды. Бірінші алдыға өнерді қоймаған, ақшаны ойлап тұрған адам бізге келмейді екен, - деп есіне алды ол.  

Өнеріне барын салған адам ғана халықтың сүйіктісіне айналады. Ал ақшаның түбі терең, қанша қусаң да жетпейді де, жеткізбейді де. Танымал болу үшін де, шыңдалып, халық қалаулысына айналу құнсыз дүние екенін де қосып өтті.

 – Біз осы өнерге ақша табамыз деп келген жоқпыз. Ал, дүние - бұйырған нәрсе сен өнерде болмасаң да саған келеді. Жеті қат жердің астында тұрса да, саған бұйыру керек нәрсе бұйырады. Көбіне жастар бірінші планға ақшаны қойғаннан кейін, өнерлері алдыға шықпай жатады", - дейді Мейрамбек Беспаев. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қытай COVID-19 пандемиясы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады
  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер