Асхат Аймағамбетов педагогтар үшін маңызды жаңалықпен бөлісті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың кезекші сыныптардағы жұмысы үшін қосымша жалақы алатынын мәлімдеді.

image.png

– Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында сыныпты 15 баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогқа жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазіргі уақытта онда 28 сағат болса, педагог барлық 28 сағат үшін жалақы алады. Бұл біздің әріптестеріміз үшін өте маңызды, – дейді Аймағамбетов.

Министр 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан қалай оқитынын айтты.

Сондай-ақ ол қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағытты атап өтті.

Арнайы интернет-платформалар арқылы оқыту. Платформалардың ыңғайына байланысты мектептер, қалалық, аудандық мектептер білім бөлімдері шешім қабылдады.

"Ел Арна" және "Балапан" телеарналары арқылы берілетін телесабақтар, қазір 9 сағатқа дейін эфир беріліп отыр.

Оның айтуынша, сабақ ұзақтығы – 40 минут. Балалар бір кабинетте оқытылады. Сыныптарда дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер