Шымкентте Азиядағы ең ірі әмбебап ату кешені салынып жатыр

Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

819eccb8-8cb6-4f73-b0cd-fc154e124217.jpg

Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу мүмкін болмақ.

Мамандардың айтуынша, «SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 14 гектарды құрайды. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«SHOOTING PLAZA» -  жобасы толыққанды жаттығу кезеңін ұйымдастыру және ату спорты түрлері бойынша Әлем чемпионаттары секілді ірі спорттық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Спорт кешені Азия аймағындағы ең ірі ату кешені болатынын айта кету керек. Жобаның құрылысы  ату спортын одан әрі дамытуға үлесін қосады.   

9e305feb-4a4e-49a7-be8a-72eb1d0be7a8.jpg

«SHOOTING PLAZA» құрылысы - Халықаралық спорттық ату Федерациясы мен Азия ату конфедерациясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының нәтижесі.

Айта кетейік, ату спортының жүйріктері Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы екі лицензияны жеңіп алды. Бүгінгі таңда ату спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі құрамының  60% - ы Шымкентте тұрады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер