Шымкент әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Жаңа орынбасар еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Атырау облысы әкімінің орынбасары болған. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Шыңғыс Мұқан тағайындалды.  

155367.jpg

"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.  

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы "Қайнар" университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, "Жайық-пресс" ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев дәрігерлерді коронавирустың екінші толқынына дайын болуға шақырды
  • Берік БЕКЖАНОВ: «Ел мүддесі самарқаулық пен енжарлықты көтермейді»
  • Балалар омбудсмені Аружан Саин министрге шүйлікті
  • Ынтымағы жарасқан білім ордасында спорт кешені ашылды
  • Бағбандар берекесі. Апорттың алғашқы өнімі жинала бастады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер