Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде  5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. 

5fb9c253-a219-446e-af87-d7f9a893d5b9.jpg

Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан  14-ке  азаяды. 

Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

c7bf3a40-52a6-45d7-a575-05624993665c.jpg

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.   

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер