Шымкент: Мұнай өңдеу зауыты медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетті

Screenshot_2.jpg

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС   мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.

Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті.

Жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге  алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан  алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы   провизорлық орталықтарда  3610 төсек-орын болса, оның

260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200  науқас  ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті  дәрі-дәрмектер мен тыныс алу  қондырғыларымен толық қамтылған. Қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер