Сайрамға гуманитарлық көмек келді

Screenshot_4.jpg

Коронавирусқа қарсы шаралар Сайрам ауданында белсенді түрде жүргізілуде. Аудандағы 11 ауыл округінде дезинфекциялау жұмыстарына 47 техника, 284 маман тартылған. Бүгінгі таңға дейін 5741 нысан, 1451 көше, жалпы көлемі 10,5 млн шаршы метрден астам аумақ кестеге сай дезинфекцияланды.

Айта кетейік, кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау жұмыстары кәсіпкерлердің жауапкершілігінде.

Сонымен қатар, Сайрамдағы дәріханалардың қызметі тұрақты бақылауда.

Screenshot_3.jpg

Аудандық штаб жанынан құрылған  мобильді топ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына сәйкес, дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Screenshot_5.jpg

Және Біріккен Араб Әмірлігі, Катар және Қытай елінен  гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары Ақсукенттегі орталық және Қарабұлақ ауруханаларына жеткізілді. Алдағы уақытта бұл медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер ақ халытты абзал жандар мен ауырған азаматтарға таратылатын (қызмет ететін) болады.

Ал бұл заттардың тиімді пайдалануы "Сайрам Адалдық Алаңы" тарапынан БАҚЫЛАУЫНДА.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті
  • Санжар Тәшкенбай Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды
  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер