Шымкент: Медициналық қызмет көрсету порталы іске қосылды

image.png

Шымкент қаласында азаматтарға онлайн түрде медициналық қызмет көрсететін 1430 Medical service сервисі іске қосылды. 

Аталған онлайн платформа арқылы дәрігерлер науқастарға бейнебайланыс арқылы кеңес бере алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп, науқастардың дәрігерден көбірек кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленқұлов мәлімдеді. 

Медициналық қызметті онлайн алу үшін әуелі «1430.kz» порталына тіркелу қажет. Азамат өзіне қажет дәрігерді таңдап, онлайн түрде консультацияға жазылады. Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің сөзінше, қазіргі таңда аталған платформаға 70-ке жуық дәрігер тіркелген.   

– Портал арқылы консультацияға жазылған науқас жөнінде хабарлама бірден дәрігерге келіп түседі. Онлайн хабарламаны алған сәттен бастап науқастардың талдау нәтижелерімен танысып, бейнебайланысқа шығады. Қызметтің бұл түрін қолдану үшін компьютер немесе смартфон болса жеткілікті. Жоспарға сәйкес аталған бағдарлама  бүгіннен бастап қолданысқа енді. Алдағы уақытта қаладағы бүкіл дәрігерлерді осы порталға тіркеуді жоспарлап отырмыз, - деді Жақсылық Оразбайұлы. 

Айта кетейік, қазіргі таңда медициналық қызметтің мұндай түрі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосылып, нәтижелі жұмыс істеп келеді. 

Шымкент ақпараттық-коммуникацялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер