Шымкентке Ресейден дәрігерлер келді

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Сапарларының мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ олар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар  бар. 

3c5fbaaf-257a-4c6f-8fc9-30e48d10a087.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Сондай-ақ, бірлесе  жұмыс жасауда табыс тіледі.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияны емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып,  тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда, Сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз»,  - деді Мұрат Әйтенов.

Ресейден келген дәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілетін болады.

Бүгінде Шымкент қаласында короновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер