Шымкент: Қашықтықтан көмек көрсететін портал іске қосылады

image.png

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инстаграм парақшасында мәлімдеді.

«Еліміздегі, атап айтқанда, Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізге медициналық қызметкерлердің консультациясы мен көмегі қажет екені өздеріңізге белгілі. Медициналық көмек қазір халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Алайда, қажетті медициналық көмекті біз барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алуға тиіспіз. Қашықтан медициналық қызмет көрсету бүгінгі күні пациенттің өзі мен айналасындағылар үшін ең қауіпсіз болып отыр.
Осыған орай, қаламызда келесі аптадан бастап қашықтықтан медициналық көмек алу 1430.kz. порталы арқылы қолжетімді болады», – деді қала басшысы.

Қала әкімінің айтуынша, аталған сервис арқылы қаланың, ауданның, шалғай мекеннің әрбір тұрғыны үйден шықпай-ақ медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. 1430.kz сервисі арқылы емханалардың білікті мамандары қызмет көрсетеді, сіз жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалы мамандардан көмек ала аласыз. Алдағы аптада 1430.kz порталына тіркелу және қолдану туралы ақпарат таратылатын болады.

– Қазір ауруларды, соның ішінде коронавирус инфекциясын емдеу бойынша көптеген дәйексіз ақпарат пен нұсқаулықтар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.
Өзін-өзі емдеуге және дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдауға болмайтынын есте сақтағандарыңыз жөн, деді М.Әйтенов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 276 орамда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып жатыр
  • Елімізде бір тәулікте 1424 адам коронавирустық пневмониямен ауырды
  • Ресей ғалымдары коронавирусты емдеудің жаңа тиімді әдісін тапты
  • Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда
  • В Шымкенте за сутки от коронавирусной инфекции вылечились 181 человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер