Түркістан қаласының әкімі тәжді тажалдан емделіп шықты

image.png

Жуырда ғана өзінің тәждітажалға шалдыққанын айтып әлеуметтік желіде бөліскен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Facebook желісінде емнен кейінгі өзінің жағдайын айтып, амандық тілеген қауымға ризашылығын білдірді.

«Ардақты ағайын! Қадірменді жанашыр достарым! Құрметті жерлестер!
Зұлым індетке шалдығып, мен де біраз уақыт араларыңызда бола алмадым. Ең алдымен, жақындары бақилық болған Отандастарыма қайғырып көңіл айтамын. Қысқа мерзімде қатарымызды жалмап бара жатқан мына індеттің салдарын көріп көңілім құлазыды. Алла баршамызға медет болып, қайтыс болған жандарды жәннәттық еткей.
Осы екі апта ішінде дұғада болған әр біріңіздің арқаңызда, Алла қалауымен, ел қатарына қайта оралуға мүмкіндік бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан, қолдарынан келгенше, қолдап аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Осындай заманда әрбір жан үшін ажалмен арпалысуға бар жігерін тынбастан салып жүрген абзал адамдардың мерейі үстем болсын әрдайым!
Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі мүше жұмысын тоқтатып, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалту шараларын жасаймын бұйырса. Соңғы тест нәтижесі де коронавирустың ағзамнан кете қоймағанын көрсетті. Дегенмен, елге қызмет етуге, мүмкіндігімше, қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарттарын орындай отыра. Дәл қазір жағдай еш бірімізге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін.
Басымнан өткен қиындықтар тірі жанның басына бұйырмасын деп тілеймін. Осы ретте, барынша сақтық шараларын орындау қажеттілігін тағы бір мәрте естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер. Ең маңыздысы: бетперде, достар! Арақашықтық! Тазалық! Өтініш, “сақтанғанды сақтайды” демекші сақ болыңыздар! Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық!
Құрметті кәсіпкерлер!
Елімізде орын алып тұрған жағдайды бәріміз де көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Сіздерге деген үлкен өтініш: қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық. Біздің қолдан келмегенді сіздер жасай аласыздар. “Халқым үшін бармын!”, “Қолдауға шамам жетеді!” дегендеріңізді жекеге жазуларыңызды өтінемін. Қазір қандай да көмек маңызды!
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!».

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елімізде бір тәулікте 1424 адам коронавирустық пневмониямен ауырды
  • Ресей ғалымдары коронавирусты емдеудің жаңа тиімді әдісін тапты
  • Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда
  • В Шымкенте за сутки от коронавирусной инфекции вылечились 181 человек
  • Крупнейший универсальный стрелковый комплекс Азии строится в Шымкенте
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер