Шымкентке 70 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

Screenshot_18.jpg

Шымкент қаласында дәрі-дәрмек мәселесі шешімін табуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта осыған қатысты ауқымды шаралар жүргізілдуде. 

Қазір қала әкімдігі бірыңғай дистрибьютормен бұрынғы 1 миллиард 800 миллион теңгеге жасалған келісімге қосымша тағы 207,1 миллионға өтінім берді.

Соның арқасында бүгінде дәріханалар мен емдеу мекемелеріне қосымша 70 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді. Алдағы уақытта тағы да қажетті дәрілермен қамтылады. Ол үшін 852 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйымға тағы өтінім берілген. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігі хабарлады. 

Сонымен қатар емделушілер үшін 1 200 провизорлы төсек орын мен 51 мекемедегі күндізгі статционарда 628 төсек орын әзірленді. Бүгін-ертең олардың қатары тағыда артатын болады. Қазір осы қосымша төсек-орындар ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ әкімдік жеке меншік клиникалармен келіссөздер жүргізіп, 25 жеке клиникада карантинге қарамастан өздерінде тіркелген пациенттерге МӘМС жүйесінің аясында медициналық көмек көрсететін болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер