Кентауда әлеуметтік көмек алуға көмектесем деп жұртты алдаған әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік көмек рәсімдеуді ұсынған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Кентауда әлеуметтік көмек алуға көмектесем деп жұртты алдаған әйел ұсталды

Кентау қаласының полиция қызметіне жергілікті әйел келіп, сыйақы үшін әлеуметтік көмек ақысын рәсімдеуге көмек ұсынған алаяқ әйелге алданғаны туралы өтініш жазды. Жәбірленушінің сеніміне кіріп алған алаяқ одан 35 мың теңге алып, ізін жасырған. Аталған факті Кентау қаласындағы ПБ Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен («Алаяқтық») тіркелген. Күдікті әйелді ұстау мақсатымен полиция бөлімінде тергеу-жедел тобы құрылды. Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні бір тәулік ішінде ұстады. Ол бұрын сотталмаған, қаланың жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Алдын ала тергеу барысында әйелдің осыған ұқсас тағы бір алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталған. Сол күні ол жәрдемақы рәсімдеуге көмектесем деп тағы бір әйелдің 35 мың теңгесін алдап алған. Қазіргі кезде аталған фактілермен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматша кепіл сома төлеп, қамаудан шығарылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер