Төлеби ауданында туристік бағыттардың жолдары жөнделуде

Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Табиғаты әсем, демалыс орындары мол Төлеби ауданында туристік бағыттардың жолдары жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4-29-300x225.jpg

Ауданда соңғы екі жылда Бірінші Мамыр-Жаңажол елді мекендері арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне баратын облыстық маңызы бар КХ-112 автомобиль жолының 11 шақырымы 15 жылдан соң алғаш рет орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша мердігер мекеме жол негізін арнайы техникамен нығыздау (ресайклерлеу) жұмыстарын жүргізіп, асфальт жабындысын толық жаңартты.

Сонымен қатар, аталған жолдың бойында орналасқан Бірінші Мамыр және Жаңажол елді мекендерінде аяқжолдар төселіп, диодты жарықтандыру шамдары орнатылды. Бұдан өзге, жол таңбалары мен жаяу жүргінші өтпелері сызылып, су өткізгіш құбырлары ауыстырылған. Сондай-ақ, қауіпті аймақтарға көліктердің жылдамдығын баяулататын жол кедергілері қойылған.

Жөндеуден өткен жол оңтүстік аудандардан келетін демалушылар мен басқа да көлік жүргізушілері үшін өте қолайлы жағдай туғызып отыр.

Бастысы, жол жүру уақыты біршама қысқарады. Мамандар осы бағыттағы жол жөндеу жұмыстары алдағы кезде де жалғасады деп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер