Шымкент: Төрт жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда

Screenshot_3.jpg

Қалада қоғамдық көлік саласының жұмысын жақсарту мақсатында бағыттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбанұсқасы әзірленуде. Биыл жыл соңына дейін Шымкентке 590 жаңа автобус әкелінеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлімдеді.

Бүгінде қаланың шалғай шағынаудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 әлеуметтік маршруттар қызмет көрсетуде. 

Қала аумағында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын  «CityTransportationSystems Transport» (Астана LRT) ЖШС жүзеге асырады. Қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау, қоршаған ортаны қорғау, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

– Бірыңғай оператор болып анықталған «БРК-Лизинг» АҚ-мен түзілген шартқа сәйкес 2020 жылы сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобусты қаржылық лизингке алу көзделуде. Бүгінде 70 автобус жеткізілді. Қалған автобустар қыркүйек, қазан айларында келеді. Ал қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Жүйені осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Абай Әбдіманапұлы. 

Көлік картасының бағасы – 500 теңге. Карталардың 4 түрі бар – жалпы пайдаланатын карта, оқушылардың картасы, студенттік карта және тегін жүру картасы. «QazSmartTrans» ЖШС-і тарапынан көлік картасы Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға  және  І топтағы зағип жандарға тегін таратылады.  

Жолаушыларға көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік бар. 

Қазіргі таңда қаланың магистралды жолдарының 75,3 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі бойынша заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға беріледі. 

Қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық 2020 жылдың жергілікті бюджетіне енгізілді (жалпы құны 7 014,0 млн. тг., 2020 жылға – 50,0 млн. тг.). Оған қоса Бәйдібек би – Арғынбеков –А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылдары қиылысындағы жолайрықтың 1-кезеңінің ЖСҚ-сы әзірленіп, қала бюджетіне енгізілді (құны 11,4 млрд.тг., 2020 жылға – 50,0 млн.тг.). Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер