Шымкентте 3 кішкентай баладан коронавирус табылды

9 маусымда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат 

200610095651201e.jpg

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 6 әйел адам, 5 ер адам және 3 кішкентай баладан анықталды. Олардың 5-уі вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 6-уы ЖРВИ диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і алғашқы медициналық жедел көмекке ЖРВИ белгілерімен жүгінген, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген», делінген хабарламада.

Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 992 адам анықталған, олардың ішінде 443-і жазылып шыққан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер