Шымкентте қатаң карантиннен кейін 5 мыңға жуық азамат куәліктерін жаңартқан

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті өкілдігі карантиндік шектеулерден кейін Шымкент қаласында көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200607103335618e.jpg

Оған сәйкес, Шымкентте төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін 5 мыңға жуық азамат жеке куәліктерін жаңартқан.

Ал Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 20 мыңнан аса автокөлік қайта тіркеуден өткізілген,

Мамыр айында ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де көп күткені белгілі болды. Азаматтар жылжымайтын мүліктерін мемлекеттік тіркеубойынша 2 мыңнан астам рет жүгінген.

Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алғысы және ауыстырғысы келетіндерге қатысты 6 мыңға жуық құжат рәсімделген.

Қатаң карантиннен кейінгі сұранысқа ие болған бесінші қызмет түріне әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі жатқызылып отыр. Яғни, 5 мыңнан аса әйелге жүктілігі және босануына байланысты берілетін төлемдер тағайындалған.

Осылайша, шымкенттіктерге 44 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Бүгінде ХҚО-ларда вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін азаматтар кезекті egov.kz порталы арқылы алдын ала брондап жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер