Шымкентте карантин 8 маусымға дейін ұзарды

Шымкентте карантин шаралары 8 маусымға дейін ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

200524204806291a3653575i.jpg

Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, шаһардағы карантин шектеулері 8 маусым сағат 00:00-ге дейін созылды. Құжат бойынша балабақшалардың жұмысына және соңғы қоңырау, түлектер кеші секілді шараларды өткізуге тыйым салынған. 

Сонымен қатар көпшілік шаралар және отбасылық отырыстар өткізілмейді. Үйден шыққанда міндетті түрде маска тағып, арақашықтықты сақтап жүру керек. Барлық топтағы субъектілер (сауда, қызмет көрсету, қаржы және басқалар) таңғы 10:00 мен кешкі 18:00 аралығында ғана жұмыс істей алады. Бұл нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер