Шымкент: Абаттандыру жұмыстары жүруде

Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 

68ec7848-f244-46d6-805f-2bbd97e7afc3.jpg

- Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, – дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. 

Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды абаттандыру жұмыстары басталған.

Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін айшықтап, қала тұрғындары үшін демалатын аймаққа айналатын болады.

Айта кетейік, аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер