Әлі де сақтық шараларын ұмытпайық!

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен әлі де карантин режимі жалғасуда. Осы тұста, Шымкент қаласындағы шектеу шаралары қатаң сақталады. Себебі бәрімізге мәлім. Бар жоғы екі күннің ішінде 137 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл дегеніміз қауіпті індеттен сақтану шарасын қатаң сақтау қажеттілігін көрсетеді. 

20200128_zaa_s197_031.jpg

Әлемді жайпап келе жатқан қауіпті індетті жұқтырып алмау үшін қорғаныс шарасын сақтау маңызды. Карантин бітті деп шымкенттіктердің көпшілігі масканы шешіп, халық көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Алайда, әлі де қауіп толығымен сейілген жоқ. Барлық дүкендер мен кәсіпорындар, қоғамдық көліктер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы аса маңызды. 

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәкес, қала тұрғындары үнемі бетперде тағуға міндетті. Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық! Сақтансаң сақтаймын демей ме?!

Әрі карантин тәртібін бұзғандар жауапқа тартылатынын ұмытпаңыздар! 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 1 маусымнан бастап 2 095 орта және шағын бизнес нысандары қайта іске қосылады
  • Шымкент: 500-ге жуық ерікті қоғамдық көліктерде тегін жүреді
  • Шымкентте 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысы қызу жүргізілуде
  • Шымкент: дала өртінің алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде
  • Шымкенттік 3000-ға жуық ерікті қайырымдылық шараларына атсалысуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер