Шымкентте бір тәулікте 60 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200518100051599e.jpg

COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың 58-і - вирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Тағы бір адам Атырау облысынан келген. 

Сондай-ақ, жедел респираторлы вирусты инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған науқастың да қауіпті індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. 

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 404 адамға жеткен .

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазНУ и китайские партнеры создадут три R&D-центра
  • ҚазҰУ мен Қытайдың технологиялық серіктестері үш R&D орталығын іске қосады
  • Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш қорық: «Ақсу-Жабағылыға» биыл 100 жыл
  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер