Түркістан облысының Келес ауданында 16 көше жөнделмек

Түркістан облысы Келес ауданында 16 көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200513082522466e.jpg

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Санжар Амангелдиевтың айтуынша, өткен жылы аталған бағдарлама аясында аудан орталығының 23 көшесі жөнделген. Ағымдағы жылы Ақтөбе ауылдық округінде 12, Абай ауылында 4 көше қалпына келтірілмек. 

«Ауданда тек көше құрылысы емес, қосымша абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни, ойын алаңшалары, аяқжол, көшені жарықтандыру жұмыстары да қатар жүреді. Тағы қосымша аудандық бюджет есебінен 10 ауылдық округтегі 17 көшені жөндеу қарастырылып отыр», - дейді Санжар Амангелдиев. 

Бөлім басшысының сөзінше, жол жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы анықталған. Аталған 16 көшенің 15-ін «QazaqStroyZhol» ЖШС мекемесі қайта қалпына келтірмек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер