Шымкент: Індетпен күресіп жатқан медицина мамандарына тиісті көмек көрсетілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. 

e113c3c4-74a3-44cb-9714-4685d73ef6a4.jpg

Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда 11 мамырдан бастап бірқатар енгізілген шектеулер алынуда. Алайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Шымкентте карантин режимі 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл ретте қазір қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауда. 

- Бүгінде қаламызда коронавирус індетімен 233 азамат тіркеліп отыр. Жалпы 130 азамат сауығып шыққан. Қазіргі таңда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 117 адам емделуде. Қалада қауіпті індетке қатысты 32 ошақ бар. Оның 28-і тұрғын үйге, 4-і нысандарға байланысты карантиндік ошақтар. Инфекцияны жұқтырған азаматтармен байланыста болған азаматтарға арнайы алгоритм бекітіліп, тұрақты бақылауға алынып, дер кезінде тиісті ем-дом жасалуда, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Айта кетерлігі, карантиндік режимге байланысты денсаулық саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға да көмек көрсетілуде. Яғни, жалақыларына үстемақы төленуде. Сонымен қатар, қауіпті ошақтарда қызмет етіп жүрген дәрігерлер мен мейірбикелерге қонақүйлерден арнайы орын берілген. Лоборатория мен дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мамандар да қонақүйлерге орналасты. Оған қоса қаламыздағы екі жатақханада 300 денсаулық сақтау саласының қызметкерлері оқшауланып, жұмысын жалғастыруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер