Мақтааралда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 5,7 млн м3 су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын уақытша бөгеттер салынды, 86 000-нан астам қап төселді және су төгуге 3 коллектор орнатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

200510114219953e.jpg

Тұрғындардың жеке мүліктерін судан шығару, үй жануарларын құтқару жұмыстары жалғасуда. Түркістан облысы ТЖД және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Апаттар медицинасы орталығының психологтары арт-терапия әдістерін қолдана отырып, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокпост қойылды. Құрамында 18 адам мен 4 техника бар Өзбекстан ТЖМ күштері мен құралдарынан тұратын топ келді. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы ТЖД, Апаттар медицина орталығы, полиция департаменті, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар күштері мен құралдары, жалпы алғанда 1412 адам, 255 техника, 17 жүзу құралы, 130 мотосорғы тәулік бойы жұмыстарын жалғастыруда. 

Сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарын жоюға 223 адамнан, 42 техника мен 85 мотосорғыднан тұратын Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тартылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер