Шымкенттен Мақтааралға 10 су сорғыш техникасы көмекке жіберілді

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттіктер де көмек көрсетуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкенттен Мақтааралға қосымша 10 су сорғыш техникасы жіберілді.

217e6edd-a242-4441-ab5e-b487dcb36812.jpg

Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша арнайы және қосалқы техникалар мен жеке құрам жіберілген болатын.

Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20,  АЦ – 2, УАЗ маркалы 4 техника,   МП-100 маркалы 6  мотопомпа бар.

Мақтаарал ауданындағы су басу жағдайына байланысты 2020 жылғы 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 адам жеке құрам, 8 техника, 1  квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемелі қайық) 2-ші эшелон есебімен жолданды. Осы аралықта құтқарушылар аудандағы су басқан елдімекендерде 70 адамды, олардың мүліктерін қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, ірі және ұсақ малдарды құтқарды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары тарапынан 4 мамыр күні Мақтаарал ауданына инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 30 арнайы техника жіберілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер