Шымкент: Коммуналдық төлем бойынша 7 255 азаматтың өнімі мақұлданған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. 

e9bcf1cc-3e98-4f30-9b32-bb7b8c61e9be.jpg

Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты жан-жақты ақпарат берді.

- Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында "communal-komek.kz" сайты іске қосылған болатын. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап 22 390 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 773 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, нәтижесі бойынша 7518 азаматтың есеп шоттары анықталмаған. Ал 7 255 азаматтың өтінімі мақұлданған, - деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты сауалдар болса, 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Оған қоса, қалада волонтерлер арқылы «Ізгілік» Call-орталығы жұмысын жалғастыруда.

Байланыс нөмірлері: 

Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45

Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29

Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57

Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер