Шымкентте дәрігерлер алты адамды коронавирустан емдеп жазды

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының  мәліметінше, 27 сәуір күні қалада  коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты.

755846308653537.jpeg

1962 жылы туған Шымкент  қаласының тұрғыны  5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына  коронавирус инфекциясымен  жатқызылған.  Науқастан  "COVID-19"-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес  ем алушының барлығы 11 бен 58  жас аралығындағы қала  тұрғындары. 

Алты  азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті. 

Осыған орай, олар 27 сәуір күні ауруханадан шығарылды.

Бүгінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясына шалдыққан 29 науқас дертінен айығып шықты. Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер