Шымкент: #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында 1900-ден астам отбасыға көмек көрсетілді

Елбасы, "Nur Оtan" партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында  Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-ден астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске "Nur Оtan" партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты.

1584703578_photo-2020-03-20-17-11-23-2.jpg

Акция аясында "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 200 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Сондай-ақ қаладағы 1 Мамыр көшесі 22/2 мекенжайы бойынша орналасқан Бейімдеу орталығанда 50 қандастар отбасына азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық заттар табысталды.

Сонымен қатар, еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлікті 150 жағдайы нашар жетім балалардың отбасына жеткізді.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер