" />
" /> Шымкент: Сауда қоймаларында азық-түлік өнімдері жеткілікті- RG media - ақпараттық агенттігі

Шымкент: Сауда қоймаларында азық-түлік өнімдері жеткілікті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала тұрғындарына азық-түліктің жеткіліктілігіне көз жеткізу мақсатында "Санжар" сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. 

d07f1a28-a492-48e3-accd-0858ad3ef0c4.jpg

Орталықта «Сұлтан», «Маркетинг», «Аделина», «Алина-3», «Дариол», «Масло-Дел» ЖШС-і орналасқан. Негізінен онда сақталатыны - азық-түлік тауарлары. Қазіргі таңда орталыққа күндігіне 350-400 тоннаның көлемінде азық-түлік әкелініп, таратылуда. 

Тауарлар Қазақстанның бүкіл аймағынан және алыс, жақын шет мемлекеттерден (Пәкістан, Иран, Қытай, Ресей, Беларусь және т.б.) жеткізіледі. Бір ғана Масло-Дел ЖШС-і күндігіне 10 тоннаға жуық тауарын қала тұрғындарына ұсынуда және ірі сауда орталықтарына мекеме өзі жеткізіп беріп отырады. Мекеме басшылары елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өнімдерге сұраныстың екі есе артқанын айтып отыр.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер