Шымкентте «Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!» атты акция өтті

"Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!". Осындай атаумен Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясының дәрігерлері қала тұрғындары үшін арнайы акция өткізді. 

3fb71ef3-bf56-4a4f-8aa4-6a1c96e5db82.jpg

Шара барысында сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды. 

Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, “Нұрсәт" шағынауданы және Арғынбеков, Рысқұлов  көшесі мен Тәуке хан, Республика даңғылы арқылы жүріп өтті. Жалпы акцияға 30 жедел жәрдем көлігі мен 100-ге жуық медицина маманы қатысты.

Қазір әлем халықтары қауіпті індетпен күресуде. Ал оны жеңіп шығу сіз бен бізге байланысты. Үйде болыңыз!

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Система хочет купировать риски
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер