Ордабасылық ардагер аталар мен қажы апаларымыздың елге көмегі

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін Ордабасы ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді.

e4067926-434b-43af-ae85-30ed91dda6fd.jpg

Атап айтқанда, Ордабасы аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен уақ мал еті құрбандыққа шалынып, тиісті санаттағы тұрғындарға үйлестіре отырып және  аудандағы мешіт жамағатыда  2 ірі қара мал еті, 21 қап ұн, 500 дана бетпердені 42 тұрмыс жағдайы отбасыларға таратып берді.

"Аудандық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігі мен бірлестік жанынан құрылған «Қажы аналар» қауымдастығының ұйымдастыруымен, ауыл округі әйелдер кеңестерінің төрайымдарының қатысуында, ауданның көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін әйел азаматтарына, яғни «Темірлан аббаттандыру» МКК-ның 32 қызметкеріне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік пакеттері таратылды.

Қайырымдылық халқымыздың қанында бар асыл қасиеттердің бірі. Сондықтан да жүрегі жомарт, еңсесін еліне қарап көтеретін ел азаматтарының арқасында бұл шара өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер