Қайырымдылық – ізетті іс

Screenshot_49.jpg

«Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен  "Біз біргеміз!" республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында 50 отбасыға азық-түлік пен бетперде үлестірді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 5 кг күріш, 4 кг макарон, 4 литр май, 2 кг ұн, 1 кг қант, шай, таратылды. Бұған дейін Түркістан  облысының 50 отбасына азық-түлік пен 1000 дана бетперде жеткізілген болатын. Қысылтаяң шақта ұйымдастырылған қайырымдылық шара мұнымен тоқтап қалмай, «Келешек» жастар кеңесі мен Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET бөлімінің жастары #БізБіргеміз акциясы аясында коронавируске қарсы күресу және қорғану бағытында қала тұрғындарына 2000-ға жуық тегін медициналық бетперделер (маска) үлестірді. Бетперделер шаһарда адам көп шоғырланған орындарда, банктер мен сауда орталығының алдында таратылды. Айта кетейік, «Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арнайы қор құрып, игі іс-шараның өтуіне салалық кәсіподақтар да етене атсалысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады — Ұлттық экономика министрі
  • Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
  • Алакөл жағалауындағы кемшіліктер анықталып, нақты тапсырмалар берілді
  • Алматы қаласы өңірлер арасында сыртқы сауда көлемі бойынша абсолют көшбасшы атанды
  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер