Өмірзақ Шөкеев 27 сектор жұмысымен танысты

Облыс орталығын көгалдандыру жұмыстарын арнайы тексерген облыс басшысы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты 27 секторға келді. Басқарма басшысы Дамир Жүнісов тиесілі учаскеде атқарылған шаруалармен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті. 

230a7017-711d-456e-b1fc-82aeecea46bf.jpg

«27 секторда тұрғындардың игілігі үшін «Ұлттық ойын» скверін орнату қолға алынды. Сквер 4 зонадан тұрады: жастарға шынығу үшін «Work Out» аймағы, шахмат, дойбы ойнау жүйесін дамыту аймағы, асық ойнау, ләңгі тебу аймағы және кітап оқу аймағы қала халқының күнделікті сүйікті орны болады деп сенемін. Аталған жұмыстар мамыр айынының соңына дейін аяқталып, сквер тұрғындар игілігіне берілетін болады», деген басқарма басшысы секторда әр сенбі күні қызметкерлер тазалау және көгалдандыру жұмыстарын істейтінін айтты.

Атап өтейік, бүгінгі күнге дейін сектор аумағында талдарды уақтылы суғару, әктеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. «Жеңіс саябағы» алдындағы шарбақтардың іргетасын қара түспен бояу-сырлау жұмыстарымен бірге, С.Ерубаев көшесі бойында 8 дана орындық пен қоқыс жәшігі орналастырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Сондай-ақ «Жеңіс» саябағы алдындағы автотұрақ ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы шетіне біркелкі топырақ төселінген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер