#Bizbirgemiz. Мақтааралдық кәсіпкер 260 отбасыға азық-түлік таратты

Мақтаарал ауданында "Хамро ата" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, жеке кәсіпкер Абудхашим Боев республикалық "Біз біргеміз" акциясы аясында 260 отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттарды үлестірді.

8cdf44d9274cc0cb3a2eccb053520d6a.jpg

Қазіргі таңда еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте ауданымыздың жомарт кәсіпкерлері халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. Бүгінгі акцияға негізінен Жамбыл, Мақтаарал, Жаңажол ауылдық округтерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар қатысты.

Жалпы Мақтаарал ауданында кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан Ұлы отан соғысы ардагерлерінің, көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түліктер таратылып жатыр.

Айта кетейік, "Nur Otan" партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасының бастамасымен "Біз біргеміз!" республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Мақтаарал ауданы әкімдігі мен "Nur Otan" партиясының Мақтаарал аудандық филиалы белсенді жұмыс жасауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер