42500 теңге алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты.

 fd4781fa1331807e39d2e43bd6e20cf5.jpg

Ол үшіг Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өтесіз.

Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:

1. "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;

2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;

3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;

4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;

5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);

6. Өз өтінішіңізді растау;

7. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:

a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;

b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;

c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

1. "Қызметкер" батырмасын басу;

2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;

3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;

4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;

5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;

6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);

7. Өз өтінішіңізді растау;

8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:

a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;

b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;

c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа барып жүр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер