Коронавирусқа байланысты бюджет табысы қаншаға азаяды?

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты республикалық бюджет қаншаға қысқаратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_65485.jpeg

"Макроэкономикалық болжамның негізінде 2020 жылға республикалық бюджет нақтыланды. Биыл республикалық бюджеттің мөлшері 6 414,1 миллиард теңге, бұл бекітілген сомадан 1 672,3 миллиард теңгеге кем. Қосылған құн салығы, шикі мұнай бойынша бірыңғай сауда алаңы мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша сауда алаңдарындағы бюджет қысқарады", - деді.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінгені айтылған еді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Үкімет резервінен коронавируспен күресу үшін үш рет ақша бөлінгенін айтқан еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер