Шымкент: Дыбыскүшейткіш арқылы 19 сауда орныда, 4 елдімекенде қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласында енгізілген қосымша шектеу шаралар туралы халықты құлақтандыру жұмыстары 2020 жылғы 29-30 наурыз аралығында  ұйымдастырылып, қала аумағында 19 сауда орындарын, 4 елді мекендерді (Ігілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Жаңаталап), 5 көшені қамтыды.  

60523a10-e170-4f85-8290-fb77e05da465.jpg

Құлақтандыру жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыскүшейткіш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің автокөлігімен адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндірілуде.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылған. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді.

Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер