Шымкент: Абай ауданында 59 тойхана қызметін уақытша тоқтатты

Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов хабарлады.  

d79cea24-633e-438e-87ec-a9edf665427f.jpg

Аудан басшысы 12 ірі сауда орталығы, Шымкент әуежайы мен «Самал», «Бекжан» базарларының және 1 мал базары мен 2 автокөлік базарының, 59 тойхананың, 31 моншаның жұмысы тоқтағанын айтты. 

Спикер шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 10 шағын базар мен 1054 азық-түлік дүкені күнделікті жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, бақылау шараларының күшейтілгенін жеткізді. 

Аудандағы 252 қоғамдық тамақтандыру орындарына қажетті залалсыздардыру құралдарының орнатылып жатқанын айтқан Б.Парманов тиісті талаптарды ескермеген нысандардың қызметіне шектеу қойылатынын хабарлады. 

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер