Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

e87facc02b47f5e470111d463e2d11fe.jpg

Қаулы                                                                                 Постановление

24.03.2020ж                                                                                    №5                           

Санитариялық індетке

қарсы және санитариялық -

профилактикалық іс-шараларды

жүргізу туралы 

Мен, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №169 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі бойынша ұсынымдар» бірлескен бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, Шымкент қаласының полиция департаментіне, үкіметтік емес ұйымдардың, адамдар көп жиналатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына: 

1.1. Тойхана, түнгі клубтар, кальян, караоке, компьютер клубтары, спорттық-сауықтыру кешендері, соның ішінде фитнес орталықтары, тренажер залдары, бассейндер, монша кешендері, балалар ойын алаңшалары,  мектептен тыс қосымша білім беру нысандары (аула клубтары, секциялары және т.б.) және басқа адамдардың көп жиналатын орындарының жұмысы тоқтатылсын;  

1.2. Сауда орындарының, жұмыстарына шектеу енгізіп, санитариялық-дезинфекциялық режимдік шараларын күшейту (қолды өңдеу үшін санитайзерлер, беткейлерді  өңдеу, дезинфекциялық заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жұмыстары, бөлмелерді желдету), адамдардың көп жиналатын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (сауда-ойын орталықтары, базарлар, діни мақсаттағы нысандар, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (әсемдік салоны, ателье, сауналар, қонақ үйлер және басқалар) денсаулық сақтау, оның ішінде дәріханалар және білім беру объектілерінде.

1.3. Аумағы 2000 ш.м. кем сауда объектілері (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда объектілері) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін функцияларын толық орындай отырып, санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, атап айтқанда:

1) жұмысшылар жұмыс кезінде бір реттік маскаларды қолдану (ауысым кезінде әр 3 сағат сайын ауыстыру);

2) сатып алушыларға қол жетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыру;

3) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;

4) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әр сағат сайын әжетханада арнайы дезинфекциялық заттарды қолданып тазалық жұмыстарын жүргізу;

5) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

6)  келушілерге арналған коронавирусты алдын алу бойынша жадынамалар тарату;

7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

8) объектілерді үнемі желдетуді қамтамасыз ету, сыртқа ауа алу жолымен үй-жайларды сүзуді және желдетуді арттыру;

9) олардың арасындағы кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып,

5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;

10) сауда объектілерінде жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекіту;

11) тазалық жұмыстарын жүргізетін жұмысшыларға бір рет қолданылатын қолғаптарды маскалармен  қамтамасыз ету;

12) объектілерге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

13) базарлар, ірі сауда орындарының аумақтарын тұрақты түрде дезинфекциялау жұмыстарының графигі бекітіліп, графикке сәйкес жүргізілсін.

1.4. Азық-түлік емес базарлардың жұмысына, күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді енгізіп,  сағат 11.00–17.00-ден кейін  жұмыс істеуге шектеу қойылсын:

1) жұмысшылар жұмыс кезінде бір реттік маскаларды қолдану (ауысым кезінде әр 3 сағат сайын ауыстыру); 

2) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;

3) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әр сағат сайын әжетханада арнайы дезинфекциялық заттарды қолданып тазалық жұмыстарын жүргізу; 

4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету; 

5)  респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

6) Барлық беткейлерге дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге қосымша штатқа сәйкес жұмысшыларды тарту.

1.5. Сауда объектілерінің аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілеріне (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар және т.б) санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту, атап айтқанда:

1) өз жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен тұтынушыға дейін тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыруға;

2) персоналдың жұмыс барысында бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);

3) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

5) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;

6) күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әр сағат сайын әжетханада арнайы дезинфекциялық заттарды қолданып тазалық жұмыстарын жүргізу;

7) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағат кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі ас залы (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізу;

1.6. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және т.б.) жұмыс істеуін шектеу:

1) жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеу;

2) бір уақытта 50 адамнан аспайтын келушілердін санын шектеу;

3) персоналдың жұмыс барысында бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);

4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

5) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатылар мен есіктерді, лифттерді және әрбір үш сағат сайын едендерді өңдеу;

6) асханаларға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету желісіне тыйым салу;

7) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

8) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан ішінде) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі залға (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.;

9) сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) ауысымына кемінде екі рет ауыстыруға жататын оның ішінде тұтастығы бұзылған жағдайда бір реттік қолғаптармен халыққа қызмет көрсету;

10) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және т. б. үстелдердің арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау.

1.7. Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, ателье және басқалар) жұмыс істеуін шектеу:

1) персоналдың жұмыс барысында бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);

2) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

3) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу, әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалатордың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифтер мен едендерді өңдеу.

4) келушілерге арналған коронавирусты алдын алу бойынша жадынамалар тарату;

5) Адамдардың көп жиналмауы үшін, алдын ала жазылу арқылы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

1.8. Шағынмаркеттер, үйлерде орналасқан дүкендер санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, жұмыстарын күнделікті режимде атқаруды:

1) сатып алушыларға қол жетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыру керек;

2) олардың арасындағы кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып,

5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;

3) өз аумағына келушілерді тек бетперде киюге (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз етуге) және келушілерге арналған коронавирусты алдын алу бойынша жадынамалар тарату;

4) объектілерді үнемі желдетуді қамтамасыз ету, сыртқа ауа алу жолымен үй-жайларды сүзуді және желдетуді арттыру;

 5) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

 6) объектілерге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу.

 2. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасына, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, Шымкент қаласының полиция департаментіне, үкіметтік емес ұйымдардың, адамдар көп жиналатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына:

2.1. Сауда орындарына балалармен 65 жастан асқан адамдарға шектеу қойылсын; 

2.2. 65 жастан асқан адамдарға және мүгедектерге тағам өнімдерін және дәрі-дәрмек жеткізу үшін волонтерларды  тарту ұйымдастырылсын.

2.3. 65 жастан асқан адамдарға және мүгедектерге тағам өнімдерін және дәрі-дәрмекті жеткізу тегін ұйымдастырылсын.

2.4. Халықтың көп шоғырланатын орындарға (сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары) барған кезде, әр адамның өзімен бірге жеке қорғаныш заттарының (маскалар) болуы бақылансын және түсіндірме жұмыстары жүргізілсін;

2.5. Коронавирустың алдын алу жадынамалары халықтың көп шоғырланатын орындарда таратылсын. 

3. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының басшыларына:

3.1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылсын;

3.2. Басқа да халық көп шоғырланатын мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарын онлайн режимге көшіру жұмыстары ұйымдастырылсын.

4. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысына:

4.1. Меншік түріне қарамастан қаладағы коммуналдық шаруашылық объектілер тізбесі жасалып, дезинфекция жұмыстарының графигі бекітіліп, сол графикке сәйкес жүргізілсін.

5. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының білім басқарма басшысына: 

5.1. Қала бойынша барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (бала-бақшалар меншік түріне қарамастан) жұмыстары тоқтатылсын.

6. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына, Шымкент қаласының полиция департаменті басшысына:

6.1. Шымкент қаласына сырттан келген азаматтардың тізімін әзерлеп, тұрақтаған мекен жайы бойынша қалалық емханаларға уақытша тіркелуін ұйымдастырсын.

7. Шымкент қаласының аудандық әкімдеріне, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысына:

7.1. Әр рейстен кейін қоғамдық автокөліктің және қалааралық мақсаттағы  автокөліктерге, қоғамдық автокөлік аялдамаларына дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы жуу жұмыстары жүргізілсін (күніне екі реттен кем емес);

7.2. Қызметкерлерді, соның ішінде автокөлік жүргізушілерін  қолды өңдеу антисептиктерімен, бетперделермен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілсін.

8. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысына, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:  

8.1. Объектілерде, оның ішінде халық көп жиналатын орындарда санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

8.2. Жеке гигиенаны сақтауға (жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану), үй карантинін сақтауға (өзін-өзі оқшаулау) және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы қаралуы қажеттілігіне баса назар аудара отырып, коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту;

8.3. Коронавирус инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар етуді қамтамасыз ету, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;

8.4. Қаулының орындалуы бойынша жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдармен іс-шаралар жүргізу.

9. Төтенше жағдай режимінде, Қаулының талаптарының орындалмауы анықталған кезде жауапты тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау, әкімшілік және қылмыстық  іс қозғау,  шаралары қолданылсын.

10. Осы Қаулының орындалуы туралы ақпаратты Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне күн сайын сағат 16-00 ге ұсынылсын.

11. Осы Қаулы барлық мүдделі салаларға жеткізілсін, тұрғындар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырылсын.

12. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

13. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және төтенше жағдайлардың бітуіне дейін күшінде болады.

    Шымкент қаласының

    Бас мемлекеттік 

   санитариялық дәрігері  А.Тулебаев 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады
  • Тұрғындар қайтарымсыз несиемен кісібін дөңгелетуде
  • Отырарда ерекше қайырымдылық жасалды
  • Емхана таңдау – тегін медицина кепілі
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер