Елбасының үндеуіне шымкенттік кәсіпкерлер қолдау білдіруде

Screenshot_1.jpg

Шымкенттік меценат Серікжан Сейтжанов Тұңғыш Президет, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үндеуін қолдап, коронавирус індетіне қарсы күреске 100 млн теңге аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев: « Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» деген ұлағатты сөз барын білесіздер. Осынау сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауға тиіс». Осылай деп Қазақ еліне үндеу жасаған Елбасын шымкенттік кәсіпкер бірден қолдады. 

С.Сейтжанов әлемді әлекке салған індетке өз алаңдаушылығын білдіріп,  талай қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген Қазақ елі бұл нәубетті де жеңеді - деген сенім білдірді. 

«Тәртіпке бас иген құл болмайды». Елде орын алған ауыр жағдайға бей-жай қарамай алдын алу мен сақтық шараларын нықтап қолға алуымыз керек, деген кәсіпкер барша жұртты сабырлық пен ұйымшылдыққа шақырды. 

Жеке кәсіпкер Сейдулла Қалыбеков та Елбасының үндеуіне үн қосты. Ол Нұрсұтан Әбішұлының «Зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған жөн. Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесін қосуға тиіс»,- деген сөзін негізге ала отырып, өзгелерді де үндеуге қолдау білдіруге шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер