Тоқаевты тыңдамағандар заңмен жазаланады

сакенулан.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында жасаған үндеуіне құлақ аспағандар заңмен жазаланады. Бірақ, әзірге оларға қолданылатын әкімшілік шараның қандай болатын әлі белгісіз. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанынан коронавирусқа қатысты құрылған арнайы ситуациялық орталықта облыс әкімінің орынбасарлары Ұлан Тәжібаев пен Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

– Барлық әкімдерге халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Бұған қоса Полиция департаментінің қызметкерлері сауда орындары мен тойханаларды аралап, олардың иелеріне түсіндіру, ескерту жұмыстарын жүргізеді. Егер содан кейін ескертулерге құлақ аспағандар болса, онда заңдық шаралар қолданылады, – дейді С.Қалқаманов.

Дегенмен, ескертулерге құлақ аспағандарға қандай әкімшілік ашаралар қолданылатыны әлі белгісіз. 

– Әкімшілік шаралар қандай болатынын штаб мүшелері мен заңгерлер қарастырып жатыр. Дайын болғанда жариялайтын боламыз, – дейді Ұ.Тәжібаев.

Еске сала кетиейік, бүгін Президент Тоқаев елде коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай жариялап, халыққа үндеу жолдады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер