Сапарбаев жер бермегендерді жазалайды

встреча с жителями села Байтекер (1).jpeg

Жамбыл облысының әкімі Бердікбек Сапарбаев 10 жылдан бері қосалқы шаруашылыққа жер телімдерін бөлу мәселесін шеше алмай отырғанды тексеруді тапсырды. Бұл туралы ол Жуалы ауданына барған сапарында айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.  

Ақтөбе ауылдық округінің Бәйтерек ауылында  Мәдениет үйінде жергілікті жұртпен жүздескен Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бойынша тиісті қаражаттың толық игерілмегендігіне, ауылдағы емдеу мекемесі мен әкімдіктің бір ғимаратта орналасқандығына көңіл бөлді. Жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа амбулатория салу керектігін айтып, ол бойынша  жауапты тұлғаларға тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Бәйтеректіктер жергілікті әкімдік қосалқы шаруашылыққа жер телімдерін бөлу мәселесін 10 жылдан астам уақыт бойы шеше алмай отырғандығын айтып шағымданды. Б.Сапарбаев бұл мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тез арада тексеріс жүргізуді және оның қорытындысы бойынша өзіне баяндауды ескертті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер