Түркістан облысының полицейлері 8 күнде 17 миллион теңге өндірді

86969554_831749513967405_1325047318335979520_n.jpg

Түркістан облысының полиция қызметкерлері құқық бұзушыларға 26 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салып, оның 17 миллионға жуығын өндірді. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс аумағында 2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында құқық бұзушылардан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыруға бағытталған "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуге 700-ден астам полиция және басқа да мүдделі органдар, «Автоураган» кешені тартылып, бірнеше мобильді топтар құрылды.

Сонымен "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты 26 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде 17 миллион теңгеге жуығы өндірілді.

Сондай-ақ 8 күн ішінде "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында мамандандырылған тұрақтарға 131 көлік, оның ішінде 30-ға жуық шетелдік нөмірлері бар автокөліктер қойылды. Оған қоса Түркістан облысының полицейлері 3,5 мыңнан астам әкімшілік айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарым таратты» делінген хабарламада.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер