Айранға марихуана салып ұсталды

200219003535290a3616081i.jpg

Қызылордада түзеу мекемесіндегі танысына сәлемдеме алып келген адам 2 дана полиэтилен пакетке салынған есірткіні өткізбек болды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ аұпараттық агенттігі хабарлайды Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметіне бойынша, ЗК-169/1 мекемесінің тергеу-қамауында отырған азаматқа танысы есірткі өткізуге әрекеттенген.

– Танысына келген азамат 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне 2 дана полиэтилен пакетке салынған есірткі өткізбек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабы 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, –  деді Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің маманы Дана Дастанова. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Әлемдік жұлдыздардың концерті қазынаға 1 млрд теңгеден астам қаржы әкелуі мүмкін
  • Қазақстанда темекі тағы 12% қымбаттады
  • Түркістанда «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті
  • Санжар Тәшкенбай Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер