Бақытжан Сағынтаев үндеу жариялады

1574326291_news_b.jpeg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қардың мол түсуіне байланысты үндеу жариялады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі.

«Құрметті алматылықтар!

Қардың қалың жаууы өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде 15 см, таулы аймақта 25 см-ден асты. Ауыр қар ағаштарды құлатты. Ағаштардың құлаған кейбір бұтақтары көліктерге тиген. Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Жол бойында 600 техника мен 1700 жұмысшы қызмет етуде. Көшелерді қардан тазалау бойынша қандай жерлерде қиын жағдай туындап отырғанын хабарлауды сұраймын.

Құрметті алматылықтар!

Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің тау бөктерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан тауда өте сақ болуларыңызды, тіпті тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Әкім Полиция департаментіне жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтерге апаттық жағдайлардың салдарын дереу жойып отыруды тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер