Шөкеев ҰБТ бойынша 140 балл жинады

f1078b3b-1c0a-4298-910f-e5f5c70bd3d9.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҰБТ бойынша 140 балл жинады. Бұл туралы өңір басшысының ел алдындағы есебінде облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.

3e662ebf-a5b3-4445-b051-bceaa8ae844d.jpg

– Қаңтар айында Түркістандағы 16 сектордың, Кентаудағы 16 ауыл округінің ақсақалдары жиналып, облыс әкімінің жұмысына «Қарапайым халық қандай баға береді? Соны біз зерттеуіміз керек» деп келістік. 100 шақты ақсақал жұмысқа кірісті. Тұрғындар да келісті. Сауалнамаға тек қарапайым халық қатысады деп шештік. Яғни, егінші, малшы, механизатор, шапан, таксист, көп балалы ана, көше-аула сыпырушы, үй шаруасындағы әйелдер ғана қатысуы керек дедік. Кәсіпкерлер, мектеп директорлары, ауыл әкімдері қатысуы қажеті жоқ дедік. Сауалнама бойынша облыс әкімінің есебіне үш түрлі баға қояйық деп келістік. Бірінші – ҰБТ бойынша, қазір кез келген отбасы ҰБТ-ны жатқа біледі. Өйткені балалары жылда тапсырады, оқуға түседі. Яғни, ең жоғарысы 140 балл, өтпелісі – 50. Сол 50 мен 140-тың арасында бағалаңыздар дедік. Екінші – 2-ден 5-ке дейін баға қояйық дедік. Үшінші – қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз деген баға қояйық дедік. Бір ай бойы зерттеу жұмысын жүргіздік. Ақпан айында ақсақалдар жинаған сауалнаманың қорытындысында ҰБТ бойынша Өмірзақ Естайұлы 140 балл жинады. Бұл кез келген жерде әкім болуға, бастық болуға жарайды деген сөз. Екінші бағалау бойынша 5+ деген баға қойды. Үшінші бағалауда жоғары дәрежеде қанағаттанардық деген баға берілді, – деді ақсақал.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер